Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:
|
Барлығы |
Қағаз түрінде |
Электронды түрде (АЖ арқылы) |
Баламалы қызмет түрлері |
||||
|
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
1366 |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
|
|
2007 |
3 |
165 |
1 |
476 |
2 |
||
І Бақылау шаралары бойынша:
Ағымдағы жылдың І тоқсанында Қаратөбе ауданы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітілген 2020 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2020 жылдың I тоқсанда ««Қаратөбе аудандық мәдениет ,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» (АХАЖ)» ММ-де ішкі бақылау іс-шарасы өткізілуі жоспарланған болатын. Алайда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты ішкі бақылау іс-шарасы кейінге қалдырылды.
ІІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)
Есептік І тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтің 1 фактісі тіркелді. Жіберілген олқылықтар үшін міндетін уақытша атқарған жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.
2020 жылдың І жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар.
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты аудандық білім беру бөліміның маманы «Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар оқиды. Семинарға қатысқандардың жалпы саны - 40 адам. Семинарға Қаратөбе ауданы бойынша мектеп директорларының оқу жөніндегі орынбасарлары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында аудан бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп 120 жаднама парақтары таратылды .
Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Қаратөбе Өңірі» газетінде мақала (№1 07.01.2020 ж.) жарияланды.
Сонымен қатар,Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті мен стандарттары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер
Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында 8 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.