2024 жылғы 18 желтоқсан күні аудандық мәслихат залында Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Пробация есебінде тұрған сотталушылармен пробация инспекторының, жергілікті полиция қызметінің,сондай-ақ олардың қатысуымен өткізілген мәдени және спорттық іс-шаралар туралы мәселелер қаралды. Жиын барысында әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінген қаражат туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бердіғалиев хабарлама жасады. Жиын соңында Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекмелерге тапсырмалар берді.