Республикалық референдум - маңызды саяси науқан.
9 қыркүйек 2024 жылы Қаратөбе ауданының аумақтық референдум комиссиясының алғашқы отырысы оздырылды.
Күн тәртібінде 2024 жылдың 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөнінде жұмыстар пысықталды.
Аумақтық референдум комиссиясы төрағасы Бақытжан Жүсіпқали комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің референдум тағайындау туралы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығымен және «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысымен таныстырып, комиссия мүшелерінің жұмыс бөлінісі нақтыланды.
Қаратөбе ауданының аумақтық референдум комиссиясы күнтізбелік жоспарға сай республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын бастады.