Орал тұрғындары ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді басым кезек бойынша ала алады

Орал тұрғындары ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді

басым кезек бойынша ала алады

 

"Жеке менеджер" пилоттық жобасы 2024 жылғы шілде айында іске қосылды Бұл азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарында басым кезек бойынша қызмет алуға мүмкіндік береді Бүгінгі таңда сервисті 500-ге жуық қызметалушы пайдаланды.

          Басым кезек бойынша қызметтерді алу үшін клиенттер ресепшнде маман-кеңесшіге жүгініп, "Жеке менеджер" қызметін сұрауы керек. Маман кезексіз өтуге мүмкіндік беретін басымдығы бар талон береді. Осыдан кейін дербес менеджер қызметтер көрсетуге шарт жасасуды және екінші деңгейдегі банктің қосымшасы арқылы ұсынылған сервис үшін ақы төлеуді ұсынады

"Әдетте қызметалушылар ХҚКО-ға түскі үзіліс кезінде келіп, қызметтерді алу үшін уақыттары жетпей жатады. Көрсетілетін қызметтерді алу үрдісін оңтайландыру үшін Орал қаласының ХҚКО-да пилоттық жоба іске қосылды Оның арқасында азаматтар  аз уақыт жұмсап, қызметтерді ыңғайлы ала алады",-деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Руслан Мұхамбеталиев.

         Сондай-ақ, мамандандырылған бөлімде «Жеке менеджер» қызметі тек көлік құралдарына қатысты қызмет түрлерін алуда қол жетімді. Ал жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтерді алуда «Жеке менеджер» қызметі қолданылмайды.

 

 

 

Дата публикации
10 сентября 2024