«Өртті болдырмайық!»
Күзгі және қыс мезгілінде жылыту маусымы басталатыны белгілі, ал бірақ осы жылыту маусымында кейбір адамдардың салғырттығынан немесе ұмытшақтығынан және де өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан олардың ден саулықтарына және дүние мүліктері үлкен қауіптөндіретінін ескерген жөн.
Жылдын басынан аудан бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесінде өрттің пайда болуына әкеліп соққан жағдайлар орын алып жатыр.
Қазіргі жылыту кезеңіне байланысты аудан тұрғындарына өртті болдырмау және адамдардың өмірімен денсаулығын сақтау мақсатында ең алдымен мына өртке қарсы іс-шараларды орындауды ұсынамыз:
- Әрдайым пештер мен мұржаның жағдайын тексеріп отырыңыз. 3 айда кемінде 1 рет мұржаны тазалап, венткамераларды тексеріңіз;
- Ішкі жарықтандырғыш және қуатты электр жүйелерін жөндеуді тек білікті мамандарға тапсырыңыз;
- Жалаңаштанған электр өткізгішті, қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
- Бір электророзеткаға 3 электрқұрылғыдан артық қоспаңыз;
- Пеш салуды мамандарға тапсырыңыз. Тек мамандар ғана пешті өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай отырып салады;
- Балаларға өздігінен пешті жағуға немесе үлкендер болмаған жағдайда жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеңіз;
- Жиһазды, перделерді және тағы басқа жанғыш заттарды пештен 0,5 метр қашықтықта орналастырыңыз. Әр пештің жағу есігінің алдына көлемі кем дегенде 50х70 сантиметр болатын металл төсем қағыңыз.
- Газ жылу құбырын қосар кезде алаудың үстінен жақындатып, содан соң құбырды ашыңыздар;
- Өз тұрғын үйіңізді алғашқы өрт сөндіру құралымен яғни кем дегенде 1 өрт сөндіргішпен жабдықтаңыз.
Құрметті ауылдастар! Адам ағзасына жану заттарының әсері (улы газ) және өрттің қауіпті жау екенін есте сақтаңыздар! Қандай да отпен сақ болыңыздар. Егер өрт қаупі туған жағдайда, кідірісіз өртке қарсы қызметі 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.
Қаратөбе ауданының ТЖБ!