Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;

Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;

Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;

Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

 

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?

✅Некеге тұру туралы куәліктің;

✅Некені бұзу туралы куәліктің;

✅Туу туралы куәліктің;

✅Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;

✅Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;

✅Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

 

Қызмет көрсету құны:

✅Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК

✅Анықтама үшін – 0,3 АЕК

Дата публикации
29 сентября 2020