Хабарландыру

Хабарландыру

 

2024 жылдың 1 тамызында сағат 10:00 Аққозы, Қаракөл ауылдық округтері және сағат 14:30 Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтері бойынша  ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс өтуге тиіс болатын, ҚР Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса құқыққа сыйымды деп есептеледі. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Қаратөбе ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі комиссия  мүшелерінің он үш мүшесінің  алтауының әр түрлі себептермен қатыса алмауына және комиссия төрағасының (комиссия төрағасының қатысуымен ғана өтті деп танылады (Жер комиссиясының ережесі)) іс сапарда болуына байланысты ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс өткізу кейінге қалдырылғанын хабарлай отырып, конкурс өткізетін күні Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми  сайтында қосымша жарияланатындығын хабарлаймыз.

          

 

 

Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі

 

 

 

 

   Тел: 87114531424

Дата публикации
02 августа 2024