Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

       2024 жылдың 7 шілдесінде Қаратөбе ауданы, Қаратөбе сайлау округі бойынша Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының                   2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3782  азамат енгізілді, оның – 2390 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 131, «Барлығына қарсы» -37.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Сайнов Е.Б. – 1902 (85,6%)

Сахипов Н.Х- 320 (14,4%)

 

Қаратөбе ауылдық округі әкімі болып Сайнов Ермек Бекболатович сайланды.  1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы тұрғыны, «AMANAT партиясы»  қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.

 

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 июля 2024