Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі әкімінің
сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 7 шілдесінде Қаратөбе ауданы, Аққозы сайлау округі бойынша Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 436 азамат енгізілді, оның – 325 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «Барлығына қарсы» -3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Еңсепов А. Қ. -39 (12,9%)
Орынғалиев Е.Е. - 30 (9,9%)
Тойшыбаев А.Ж.- 234 (77,2%)
1.Аққозы ауылдық округі әкімі болып Тойшыбаев Асхат Жанибекович сайланды. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылы тұрғыны, «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы