2023-2024 жылғы оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы
Биылғы жылы 18 мектеп жанындағы лагерьде тамақтанумен жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарлануда. Оған аудан бойынша 1-10 сыныптағы 2354 оқушы қамтылмақ. Тамақтануға бөлінген қаржы 9 282 000 теңгені құрайды. 13 жалпы орта білім беретін мектептер 3-30 маусым аралығында 4 кезеңде, негізгі білім беретін 5 мектеп 3-22 маусым аралығында 3 кезеңде, бастауыш мектеп 3-10 маусым күндері 1 кезеңде мектеп жанындағы лагерь жұмысын ұйымдастырады. Төтенше жағдай салдарына байланысты, Аққозы МББК-нде мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылмайды. Ол мектептің бастауыш сыныптағы 43 баласы 3-14 маусым аралығында 2 кезеңде «Дарын» интернатында ұйымдастырылады. Аққозы МББК-нің 5-10 сыныптағы балаларының 45-і «Жасыл желкен» демалыс лагерінде, 21 баласы «Балдәурен» демалыс лагерінде демалады. Сонымен бірге 5-8 сыныптардағы 33 баласы Қазақстан халқына қоғамдық қоры арқылы ұйымдастырылатын «Жаздық жолдама» бағдарламасы шеңберінде өзге лагерьлерде демалады. Ол лагерь атауы облыстық білім басқармасы тарапынан анықталуда. Осы мектептің 47 оқушысы сәуір айында Қызылорда облысы «Қамбаш» сауықтыру демалыс лагерінде демалып келсе, 3-24 мамыр аралығында 19 оқушысы «Балдәурен-Балқаш» республикалық оқу сауықтыру орталығында демалуда.
Сонымен қатар, «Балалар шығармашылығы үйі» жанындағы Шалқар көлі жағасындағы «Балдаурен» демалыс лагеріне 10 маусым - 17 тамыз аралығында 8 кезеңде 168 бала демалады деп жоспарланды. Бір кезеңдегі бала саны-21. Тамақтануға қаралған қаржы - 1 991 000 теңге.
Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына қарасты Егіндікөл ауылындағы «Жасыл желкен» демалыс лагері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығының талаптарына, яғни санитарлық норма бойынша балаларға арналған жатын бөлмесінің көлемі сәйкес келмеуіне және ас блогының жоқтығына байланысты Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы жанындағы «Дарын» интернатына ауыстырылды (Бұйрық №425, 23.04.2024 жыл). Ол лагерьге 1 шілде -6 тамыз аралығында 4 кезеңде 300 оқушы қамтылады деп жоспарланды. Тамақтануға қаралған қаржы - 2 728 555 теңге.
Бүгінгі таңда осы 2 стационарлық лагерьге жұмыс істеуге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу жұмыстары жүргізілуде. «Балдәурен» лагері су көрсеткіштері бойынша хаттаманы күтуде. Дайын болған күні қорытынды алуға өтініш беріледі. Өтініш беру уақыты осы апта деп жоспарлануда. «Жасыл желкен» демалыс лагері судың микробиологиялық және санитарлық химиялық көрсеткіштері, топырақ пен құм зерттеулері, жасанды жарықтандыру өлшемі қорытындыларын алу үшін аккредиттелген зертхана БҚО Ұлттық сараптама орталығымен 15 мамырда келісімшартқа отырды. Енді мамандарының келіп, сынамаларды алуын күтуде.
Лагерьлердің жұмысының сапалы ұйымдастырылуын бақылау мақсатында лагерьдің іс-шаралар жоспары жасақталды. Лагерьдегі іс шаралар биылғы жылы да ұлттық құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылады. 2022 жылы бастау алған бұл жоба өз нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 10 мамыр күні Щучинск қаласы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысының бос уақытын және жұмыспен қамтудың үздік бағдарламасы» Республикалық байқауында аталған жоба бойынша білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы әдіскері Сары Айнұр Рысбайқызы жүлделі ІІІ орынға ие болып, авторлық бағдарламасы Республика көлемінде ұсынылды.
Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасау үшін 25 балаға 3 000 000 теңге қаралды. Маршруттар анықталуда.
17 мамыр күні лагерь жұмысына жауапты педагогтер мен тәрбие жұмысы орынбасарларына арналған «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың демалысын ұйымдастыру» атты аудандық семинар өтті. Семинарға Қаратөбе аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, ауданының полиция бөлімі мамандары қатысып, лагерь жұмысына байланысты сұрақтарына жауап алды.