ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Қаратөбе ауылы                              № 7                      2024 жылғы 29 мамыр

 

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының

Аққозы, Қаратөбе ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына,                         113-1-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Аққозы, Қаратөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Аққозы, Қаратөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Қаратөбе ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім «Қаратөбе өңірі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және

Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қаратөбе ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        Б.Жүсіпқали

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2024