ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Қаратөбе ауылы                              № 6                       2024 жылғы 29 мамыр

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының

Аққозы, Қаратөбе ауылдық округтері

әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін

құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының  4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қаратөбе ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын:

         1) Аққозы ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Аққозы ауылдық округі аумағының шекарасында – Аққозы сайлау округі;

         2) Қаратөбе ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Қаратөбе ауылдық округі аумағының шекарасында – Қаратөбе сайлау округі;

  1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
  2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қаратөбе ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        Б.Жүсіпқали

 

Дата публикации
29 мая 2024