Распоряжение акима Каратобинского района от 13 мая № 62 "О проведении внутреннего анализа коррупционных рисков в государственных органах по местным исполнительным органам Каратобинского района"

 

Қаратөбе ауданының жергілікті

атқарушы органдары бойынша

мемлекеттік органдарда сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдары бойынша мына мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.

1) «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2) «Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ведомствоаралық бағынысты мекемені қоса);

3) «Қаратөбе ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ведомствоаралық бағынысты мекемені қоса);

5) «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6) «Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7) «Қаратөбе ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ( ведомствоаралық бағынысты мекемелерді қоса);

8) « Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9) «Қаратөбе ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10) «Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11) «Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12) «Қаракөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13) «Қоскөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

  1. Осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрғысында келесілер:

1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) талдау тұрғысынан туындайтын өзге де мәселелер анықталсын.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау әр мемлекеттік мекемемен дербес жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты 17.05.2024 жыл – 17.06.2024 жыл аралығы, талдау жүргізу кезеңі 01.10.2023 жыл – 01.05.2024 жыл аралығы болып белгіленсін.
  2. Талдау нәтижелері бойынша мыналарды:

1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;

2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;

3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтамалар талдау кезеңінен кешіктірілмей аудан әкімі аппаратына ұсынылсын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Жәнібековке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                  Қ.Сүйеуғалиев

Дата публикации
13 мая 2024