Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылдың қорытындысымен талдамалық анықтама
2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 3940 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 392
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тарту саны – 36.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 3 (Оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген 2 қызметті көрсетуші мекеме қазіргі таңда таратылып, 2023 жылдың 1 тамызынан бастап БҚО «Еңбек мобильді орталығына» бағынышты).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 39, оған
730 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен тұлғалар саны – 15.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 5 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі: 7 кемшілік анықталып, 12 ұсыным беріліп, орындалды.