Ақпарат

Электр желілерін күзет аймағының талаптарын бұзу -  Сіздің өміріңізге қауіп төндіреді.

Аймақ тұрғындарын толғандыратын сұрақтарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілі жауап береді.

Электр желілерін күзет аймағы дегеніміз не?

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету электр желілерін пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, жер учаскелері бөлініп, күзет аймақтары белгіленеді.

Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.

Электр желілерін күзет аймақтары қалай орнатылады?

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді: кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);  кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м; 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес; 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес; 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес; 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес.

Электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыстар қалай жүргізіледі ?

Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді. Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Электр желілерін қорғау аймағының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

 

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 305 бабында, электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгуге әкімшілік жауапкершілік көзделген және жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Армат Тайконов - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары

Дата публикации
28 декабря 2023