Құрметті Қаратөбе ауылының тұрғындары!
Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді – мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 18 қаңтар күні сағат 10:00 – де Қаратөбе аудандық мәслихатының залында жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Күн тәртібінде: Қаратөбе ауылында 2020 жылы салынған жаңа тұрғын үйлердің №1 көшесіне Бекмағамбетов Мәрбан Хайдарұлының есімін ұсыну туралы.