Хабарландыру!
ҚР Экология кодексінің 365 – бабының 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Қаратөбе ауылында орналасқан мекеме, ұжым және т.б кәсіпорындарда, жеке тұрғындардан пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға шығару үшін және қатты тұрмыстық қалдықтарды төгу полигоны «Бақыт жолдары» ЖШС – не үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар да өз үйінен шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар үшін төлем жасайтын болады.
Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылдың 9 желтоқсанындағы №24 – 9 шешімімен бекітілген тариф құны:
|
Атауы |
Есептік бірлік |
Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
|
Жайлы үйлер |
Айына 1 тұрғыннан |
184,76 |
|
Жайлы емес үйлер |
Айына 1 тұрғыннан |
184,76 |
|
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) |
1 м3 |
2015,60 |