

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жекекуәлігі налғашрет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.
Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысы филиалында 330-ға жуық алғашқы жеке куәлік берілген. Қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасқа толғанда алады.
«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш реет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалды. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызметалушылар да құттықтады.