


Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен 2023 жылғы 28 қараша күні Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тобы отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аудан прокуроры, Қоскөл ауылдық округінің әкімі, Қаракөл ауылдық округі әкімінң міндетін атқарушы лауазамыды тұлғалар қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша балалардың жалпыға міндетті оқу қорынан берілетін көмектер, Қоскөл, Қаракөл ауылдық округтеріндегі балалардың панасыз, қараусыз қалуының алдын алу мәселелері талқыланды. Жиын барысында Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиевтің, Қоскөл, Қаракөл ауылдық округтері әкімдерінің хабарламалары тыңдалып комиссия мүшелері тарапынан жан-жақты талқылаулар болды. Жиын соңында Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.