A meeting of the commission was held

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен 2023 жылдың 21 қарашасы күні аудан әкімі аппаратының  мәжіліс залында өтті. Комиссия отырысында Қаратөбе аудандық балалар шығармашылық үйінің қызметі туралы, Балалардың хал-ахуалы индексінің көрсеткіштерін жақсарту тақырыптарында мәселелер көтерілді.

Аталған мәселелер бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев, аудандық аурухананың директоры Е.Меңдіғалиев, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы А.Сайнов, Қаратөбе аудандық «Мансап» орталығының директоры М.Қажгереев және Балалар шығармашылық үйінің директоры С.Ақдоновалар  хабарлама жасады.

Көтерілген мәселелер бойынша комиссия мүшелері арасында талқыланып, қажетті шаралар қабылдау жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді. 

Дата публикации
21 ноября 2023