Determination of the results of the internal analysis of corruption risks in the activities of the State Institution "Akim's Office of the Karatobе district" and independent departments and subordinate quasi-governmental organizations of the Karatobе district

Қаратөбе ауылы                                                                                     17 қараша

Талданатын объект туралы мәлімет:

 «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ-де және аудандық дербес бөлімдері мен бағынысты квазимемлекеттік ұйымдар қызметі

Мекенжайы: БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көш. №12

2023 жылдың 11 қазан- 11 қараша аралығында «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ-де және аудандық дербес бөлімдері мен бағынысты квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау жүргізу мерзімі:11.10.2023-11.11.2023 ж.

Бақыланатын кезең: 01.10.2023-30.09.2023 ж

 Қаратөбе аудан әкімі аппараты басшысының 2023 жылғы 5 қазанда  №189 «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ-де және аудандық дербес бөлімдері мен бағынысты квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне» өкімі негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрамда құрылды:

  1. Карменов Азамат Ғабдрашитұлы- аудан әкімі аппаратының басшысы;
  2. Әділханов Нұрбол Әділханұлы - аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы;
  3. Кенжеғалиева Мейрамгүл Жолдығалиқызы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
  4. Жәнібеков Дат Болатбекұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау бөлімінің басшысы;
  5. Губайдуллина Венера Шоқанқызы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері.

Қаратөбе ауданының әкімдігі ведомстволық 9 дербеc бөлімнен тұрады: аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мемлекеттік сатып алулар бөлімі.

Сонымен қатар квазимемлекеттік секторға жататын 5 кәсіпорын «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің Қаратөбе мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны» және «Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКҚК, «Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, «Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қаратөбе спортклубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» .

Аудан әкімі аппаратының құрамында 3 бөлімнен тұрады: құжаттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмыстар бөлімі, ұйымдастыру-бақылау бөлімі, бірыңғай персоналды басқару(кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі.

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Есепті кезеңде Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны 81 штаттық бірлік құрайды. Қазіргі уақытта нақты мемлекеттік қызметшілер саны 79 құрап отыр, 2 бос орын бар.

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 15-бабы  1 тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» № 40 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметке кіркелтірген тәртіптік жауапкершілкке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі бекітілді. Осыған орай, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы №451  қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді. Әдістемеге (будан әрі -Әдістеме) сәйкес мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе "Б" корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар "А", "В" және "С" функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:  

- "А" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;

- "Б" функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады;

 - "С" функционалдық блогына "А" және "Б" блоктарына қосылмаған басқа қызметшілер жатады.

Мемлекеттік органдар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.       Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді функционалдық блоктарға бөлу кезінде нақты талаптар бекітілмеген, сондай-ақ  қандай өлшемшарттар мен нормаларды басшылыққа алу белгісіз. Өкілеттіктердің бұл кеңдігі лауазымды адамға және/немесе комиссия өз қалауы бойынша нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін айқындауға мүмкіндік береді

Ұсыным: Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, атап айтқанда лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану ретінде Әдістемеге мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді функционалдық блоктарға бөлу кезінде тәртібін және критерийлерин нақты жазуды ұсынамыз.

«Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуда конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Талдау кезеңінде 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығында 22 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурс жарияланып, оған 20 кандидат қатысып, нәтижесінде 17 қызметші бос лауазымдарға тағайындалған, жарияланған 5 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға, кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты конкурс өткізілмеген болып танылған.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жалпы конкурс өткізу барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының талаптары сақталған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі уақытылы алынған.

         Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын ұсыну кезінде талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Заңның 54-бабының 1-тармағының талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленіп, ұзақтығы күнтізбелік отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда - берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Талдау кезеңде еңбек демалысына ақы белгіленен мерзімнен кешіктіріліп төлену фактілері орын алмаған.

Еңбек кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айкындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Қаратөбе ауданы әкімімен 2023 жылға арналған қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кестесі бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, еңбек демалысына жолданған.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.                   3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

         Аудан әкімі аппаратының құзіретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді. Аудан әкімі аппаратымен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтерге мониторинг және ішкі бақылау жүргізіледі.

Есепті кезеңде: 5 мемлекеттік мекемеге (Қаракөл ауылдық округі әкімі аппараты,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, Қоскөл ауылдық округі әкімі аппараты) ішкі бақылау жүргізілді. 

Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің бар  болуы бойынша: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру қажеттілігі көзделген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімі аппараты ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдік» жобалық кеңсесінде орналасқан арнайы ақпараттық стендте орналастырылған. Алайда, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет стандартының ескі, күші жойылған нұсқасы ілінгені анықталды.

Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу бойынша: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.

Алайда, тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 3 фактісі анықталды.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде

Бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).

Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы болуы керек делінген.

Тексеріс барысында азамат М.Тажаяқовтың 04.08.2022 жылғы және азамат С.Шүйншалиевтің 06.09.2022 жылғы өтініштеріндегі құжаттар топтамасының ішінен аталған азаматтардың мүлікке меншік иесі туралы анықтамасының көшірмелері табылды.

Сонымен қатар, азамат Е.Қуанышбектің 01.06.2023 жылғы өтінішінде құжаттар топтамасының ішінен тұрғын үйінің сатып алу-сату келісімшарты көшірмесі анықталып отыр.

Сонымен қатар аталған факттер аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде 2 факті анықталып отыр.

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес қызметті алушы төмендегі қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы қажет.

1) порталға:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру үшін:

 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Мемлекеттік корпорацияға:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру:

 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Алайда тексеріс барысында,  08.04.2022 жылғы «Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» өтінішін қабылдау кезінде құжаттар арасынан жер учаскесіне құқығын беретін акт көшірмесі тігілгені анықталып отыр.

Сонымен қатар, 14.07.2022 жылғы Дүйсен Сеилхан Темірболатұлының өтінішін қабылдау кезінде құжаттар арасынан жеке куәлік көшірмесі тігілгені анықталды.

Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің бар болуы:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабы 1-тармағы
1) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру қажеттілігі көзделген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мекеме орналасқан ғимаратта арнайы ақпараттық стендте орналастырылған.

Алайда, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мекемедегі ақпараттық стендте орналастырылмағаны анықталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 55-тармағына сәйкес бес жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын аудан әкімі аппаратына жолдау туралы ұсыным хаттар жолданды.

             Ұсыным: жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша мекемеде құқықтық оқыту ұйымдастыру.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аудан әкімі аппаратының құзіретіне рұқсат беру функция кірмейді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аудан әкімі аппаратының құзіретіне рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 2022 жылы 201945,0мың теңге бөлініп толықтай 99,9% ға игерілді.

2023 жылға бес бағдарлама бойынша 242400,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бірінші жарты жылдықта кезекті сессиямен және төтенше жағдай қаулыларымен 11000,0 мың теңге қаражат қосымша бөлініп жалпы ,0 мың теңгені құрады соның 190445,4 мың теңгесі яғни 79% игерілді. 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2022 жылдың 2022 жылғы 1 қазанынан 2023 жылғы - 30 қазаны аралығында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 119757820,0 тенге 184 келісім шарт жасалды, оның ішінде:

баға ұсынысы арқылы: 106 келісім шарт 25768397,2 тг;

өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 29 келісім шарт 12108060,8 тг;

тікелей қорытынды арқылы бір көзден - 49 келісім шарт 16058642,9 тг;

ашық конкурс арқылы келісімді пайдалана отырып - 2 келісім шарт 65822719,2 тг;

Жеткізушілердің келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағыны туралы 1 рет орын алды және жосықсыз қатысушысы ретінде жеткізушімен бір жақты келісім шартты бұза отырып жосықсыз қатысушылар тізіміне еңгізілді.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.  

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

2022 жылдың 2022 жылғы 1 қазанынан 2023 жылғы - 30 қыркүйек аралығында 202 қаулы, 28 шешім, 217 өкім және 302 жеке құрам бойынша бұйрық, 50 негізгі қызмет бойынша бұйрық шығарылды. Осы уақыт аралығында шығарылған актілерге наразылық туындаған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Қаратөбе өңірі» Қаратөбе ауданының қоғамдық-саяси газеті, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланған жоқ.

2022 жылдың 2022 жылғы 1 қазанынан  2023 жылғы - 30 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бетінде 1 материал, ресми сайтқа және әлеуметтік желілерде 5 мақала жарияланып, 200-ге жуық жадынама үйлестірілді.

Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексінде көзделген қағидалар негізінде жүргізілуде.

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығында – 159 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түсіп, 270 тұлға жеке қабылдауда болды.

Түскен өтініштер уақытында тіркеліп, мерзімдеріне сай өтініш иелеріне жазбаша жауаптары берілді.

Сонымен қатар «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «сыбайлас жемқорлық» мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

«Қаратөбе ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік

мекемесі

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

         Бөлімнің штат саны 2022 жылы - 6 бірлік, оның ішінде 1 – бөлім басшысы, 1-бас маман, 1-автокөлік жүргізуші, 1-тілші, 1-бейнеоператор, 1-іс жүргізуші. 2023 жылы – 7 бірлік, оның ішінде 1 – бөлім басшысы, 1-бас маман, 1-бейнеоператор, 1-автокөлік жүргізушісі, 1-статист маман, 1-іс жүргізуші, 1- тілші.

Талдау кезеңіндегі кадр ауысушылығы: 2023 жылда 1 адам техникалық персонал болып қызметке қабылданды

Бөлімде 01.10.2022 – 01.10.2023 жж. Аралықта кадр ауысушылығы 0% пайызды құрады. Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар жоқ.

2022 жылғы 1 қазанынан 2023 жылғы - 30 қыркүйек аралығында бөлім басшысы Н.Сафуллин аудан әкімінің 2023 жылғы 19 желтоөқсандағы №197-ө өкімімен тәртіптік жаза қолданылған.

Жыл басынан бастап  жұмыстан босатылғандар жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне бөлімнің бас мамандары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы  кіргізілді.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.          3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

          «Қаратөбе ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес «Қаратөбе ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне рұқсат беру функция кірмейді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

         ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 418-бабының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу» 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы. Бірақ осы функцияны жүзегі асыру үшін бөлім тиісті техникамен қамтылмаған.

         Ұсыным: бөлім мамандарының Мемлекеттік рәміздерді тексеруге қатысты арнайы оқудан өтуін және планшетпен жабдықталуы.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

         «Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-не 2022 жылы 42340,0 мың теңге қаражат бөлініп толықтай 99,9%. игерілді.

2023 жылы үш бағдарлама бойынша 51270,0 мың теңге қаражат бөлінді.1 қазанға 36583,9 мың теңгесі яғни 71,3%. игерілді.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

            Талданып отырған кезеңде Бөлімге жалпы сомасы 14448,3 мың теңгеге 45 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

 1) Баға ұсыныстарын сұрау 853,5 мың теңге сомасына 19 сатып алу;

2) бір көзден 701,7 мың теңге сомаға 5 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

         3) электрондық дүкен 389,4 мың теңге сомасына 6 сатып алу;

4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 2 022,3 мың теңге сомаға 8 сатып алу.

5) Рамалық келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі 831,4 мың теңге сомаға 3 сатып алу.

6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 9650,0 мың теңге сомасына 4 сатып алу.

2023 жылдың 1 қазанына мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына 14910,3 мың теңгеге  қызметтер, жұмыстар мен тауарлар сатып алу еңгізілді. Күні бүгінге жалпы саны 40 келісім шартқа отырылды оның 27  орындалды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сегіз шақырту жіберілді, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы ашық конкурс және алдын ала квалификациясы бар конкурстарға бір ыңғай сатып алуға үш өтінім берілді.(қайталап жіберілген өтінімдерді қоспағанда). Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіндегі қиыншылықтармен келеңсіздіктерге және олардың тиімсіздігін ескере отырып қайта қарау немесе әліде оңтайландыру қажеттігі байқалады. Атап айтқанда жыл басынан МӘТ бойынша конкурстар беріліп оған түрлі облыс аймақтардан түсуі конкукрстың ұзаруы мен уақыт жоғалтып алынуы. Осы күнге дейінгі тәжірибеде конкурстар жарты жылға ұзарып өткізілуі тиіс ісшаралардың орындалмауы орын алды.  Бір көзден сатып алу арқылы келісім шартқа отыру мүмкіндігін қарастыру керек деп есептеймін. Себебі бағалық ұсыныммен берілген конкурстық хабарламаларға әр өңірден әртүрлі жеткізушілер түсіп бағаны құлатқанымен қоймай сапасыз тауарлар жеткізеді немесе міндеттерін орындамай тауарды жеткізбеу фактілері өте көп орын алуда. Бұл жерде де сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғу әбден мүмкін. Жоғары баяндағандай арзан бағаға техникалық ерекшелікке келмейтін тауарларын ұсынып барынша өткізіп кетуге әрекеттер жасайды.

Ұсыным: Орнатылған бағдарлама авторлық құқығы бар жеткізушілермен бір көзден келісім шартқа отыру мүмкіндігін қайта қарастыру қажет деп санаймыз.     

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері жұмыс  барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтардың өтініш, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік»  Кодексі негізінде жүргізіледі. 2023 жыл бойынша бөлімге заңды тұлғалардан 7 өтініш келіп түсті. Өтініш уақытында қаралып жауап берілді.

 

«Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Бөлімде барлығы 28 қызметкер жұмыс атқарады, соның ішінде 3 мемлекеттік қызметкер,  22  азаматтық қызметкер, 3 кіші қызметкер. Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лаузымдар мен қызметкерлер айқындалған жоқ.

Талдау кезеңіндегі кадр ауысушылығы: 2023 жылдың 4 қаңтарында бөлім басшысы Жүсіпқали Бақытжан  Қайырқұлұлы  басқа жұмысқа ауысты. 2023 жылдың 18 қаңтарында бөлім басшысы болып Бердіғалиев Бекболат Хамидоллаұлы тағайындалды.

Бөлімнің статисті Құттыбаев Аманбек Тимурұлы  2023 жылдың 14 сәуірінен бастап өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды.

Бөлімнің автокөлік жүргізуші Ахметов Женис Сабитович 2023 жылдың 6 қыркүйегінде өз өтініші негізінде жұмыстан босап, орнына 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Шуканов Серік Қайырғалиевич қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті әшкерелейтін материалдар жоқ. Еңбек тәртібін бұзу немесе өзге бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалардың жауаптылығын қарастыру.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.          3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

 

№

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Жалпы көрсетілген қызметтер саны

Мемлекеттік органмен тікелей көрсетілген қызметтер саны (қағаз түрінде)

ЭҮП арқылы

ХҚКО арқылы

Проактивті

Бас тарту

1.       

Тұрғын үй көмегін тағайындау

16

 

 

16

 

 

2.       

Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

21

4

9

7

1

 

3.       

Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

81

 

49

32

 

 

4.       

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

2

 

1

1

 

 

5.       

Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

 

 

 

 

 

 

6.       

Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсiмдеу

8

 

4

4

 

 

7.       

Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

73

 

54

19

 

 

8.       

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

 

 

 

 

 

 

9.       

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

812

812

 

 

 

 

10.   

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

6

 

3

3

 

 

11.   

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу

1

 

 

1

 

 

12.   

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру

0

0

 

 

 

 

13.   

Ақталған адамға куәлік беру

0

0

 

 

 

 

14.   

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту

28

 

 

24

 

4

 

БАРЛЫҒЫ

1048

816

120

107

1

4

 

"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы, "Ақталған адамдарға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28 ақпандағы № 78 бұйрығы, "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы,  "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттармен белгіленген тәртіпке сәйкес көрсетіледі. Негізсіз бас тарту фактілері орын алған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзіретіне рұқсат беру функция кірмейді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

         Ережеге сәйкес Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзіретіне бақылау-тексеру функция кірмейді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

     Каратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылы жалпы бюджет 237716000 теңгені құраса, нақтыланғаны 244728000 теңге, жыл аяғында 99,9 пайызға бюджет қаражаты игеру жоспарда.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2023 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік атып алу саласында төмендегіше келісім шарттар жасалды:

  • 2022 ж 1 қазан айынан бастап Бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен кеңсе заттарын сатып алу үшін 1095,7 мың теңге 10 келісім шарт жасалды
  • ЖК Buy Sell 140,0 мың теңге
  • ЖК " Еслямова" 60,7 мың теңге
  • ЖК КАБАКОВА 1,6 мың теңге
  • ЖК "ARYS PROF" 29,8 мың теңге
  • Жеке кәсіпкер "Сырым А.Б" 44,8 мың теңге
  • ЖК "Sultan" 138,2 мың теңге
  • "Қазпошта" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Газет журналдарға жазылым үшін 32,6 мың теңге
  • 2022 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Инватакси қызметін ұсыну үшін ОО инвалидов "НҰР арманы" 648,0 мың теңге
  • 2023 ж 1 қаңтар-қазан аралығында Бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен 2744,5 мың теңге 28  келісім шарт жасалды,соның ішінде
  • 1 с бағдарламасын жыл ішінде қолдау және жаңарту үшін "Азия Сервис 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Орал қаласындағы филиалы 396,0 мың теңге
  • "Қазпошта" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Банкалық қызмет көрсету үшін 950,0 мың теңге
  • Автокөлікке қосалқы бөлшектер сатып алу үшін ИП Болашақ 9,0 мың теңге
  • ИП SIAL + 243,1 мың теңге ИП Королев Владимир Александрович 13,2 мың теңге ,ЖК WestExAuto 48,6 мың теңге, ЖК Арсенал 10,0 мың теңге, ШҚ Жасұлан 20,5 мың теңге, ЖК Аңсар 32,0 мың теңге
  • Мотор май ТАД 17 антифриз сатып алу үшін  ИП Асылхан 54,5 мың теңге
  • хатқа арналған және бұйрыққа арналған бланк әзірлеу қызметі үшін ИП "КАЛИБЕКОВА У" 29,0 мың теңге
  • "АСКО" Сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы Автокөлікті міндетті сақтандыру жарнасы үшін 15,4 мың теңге
  • "МегаОйлОрал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіОтын, жанар - жағар май материалдарын сатып алу үшін (бензин АИ - 92) (талондар) 532,8 мың теңге соның ішінде 1 тоқсан үшін 163,8 мың теңге ,2 тоқсан үшін 184,5 мың теңге,3 тоқсан үшін 184,5 мың теңге
  • ЖК "Ғимран" компьютерлік құрылғыларды жөндеу қызметі үшін 104,0 мың теңге
  • ИП Дошимов картриджге бояу құю қызметі үшін 124,5 мың теңге
  • "Қазпошта" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Газет журналдарға жазылым үшін 32,6 мың теңге
  • ЖК "TSE Group" Материалдық емес активтерді сатып алу (Kaspersky антивирус бағдарламасы) үшін 129,3 мың теңге
  • Второй этап конкурса с использованием рамочного соглашения» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде"Қазақтелеком" акционерлік қоғам Байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін 414,0 мың теңге
  • Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде"Парус-КАЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен"Парус-КАЗ.Бюджет" (Бюджеттік қаржыландыру,бюджеттік өтінім) бағдарламалық өніміне қызмет көрсету үшін 564,0 мың теңге
  • Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде Атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну және көрсету бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен 340,3 мың теңге
  • Қаратөбе ауданының "Ізгілік" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігімен 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қаратөбе ауданы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу үшін 892,8 мың теңге
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Инватакси қызметін ұсыну үшін "НҰР арманы" мүгедектер қоғамдық бірлестігі 4614,3 мың теңге
  • Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен `Мемлекеттік органдардың интранет порталына`` қолданбалы бағдарламаны қамтамассыз етілуін енгізу және қолдауы бойынша қызметі үшін 43,3 мың теңге

         Барлық мемлекеттік сатып алу келісім шарттары заңдылыққа сәйкес жүргізілді. 2022 жылы да өткізілген мемлекеттік сатып алу процестері медианный (орташа)  бағалар аясында жүзеге асырылды. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік сатып алулар 2022 жылы да жүзеге асырылды және олармен қоса автобөлшектер, кеңсе тауарлары сатып алынды. Оларды сатып алу кезінде интернет желісі арқылы нарықтағы бағалар сараланып, сол бағалар шеңберінде орташа баға ұсынылды және сол ұсынылған баға аясында мемлекеттік сатып алу келісім шарттары жасалды. Нарықтағы бағадан асырылып алынған тауарлар болған жоқ.

       Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жалғасатын болады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері жұмыс  барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жүргізіледі. 10

2022 жылдың 2 жартыжылдығында жеке тұлғалардан 1 және заңды тұлғалардан 2 өтініш түссе, 2023 жылдың 1 қазанына жеке тұлғалардан 5 және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Өтініштердің барлығы е-Өтініш АЖ-де тіркеліп қаралады. Бөлім басшысы, бас мамандар бөліммен іске асырылып жатқан бағдарламалар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты теледидар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жариялайды.

Ұсыныстар: Бөлім мамандарына тұрғындар арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, әсіресе «электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру мақсатында, түсіндіру жұмыстарын қарқындату.

         Қорытынды:Каратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Бөлімде жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

.       

«Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Мекемеде 2 мемлекеттік қызметкер және 4 техникалық қызметкер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мекеменің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасымен тексеріледі. Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Мекеме қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 4 қызметкерді құрайды, уақытша бос орын 2.

Қызметкерлердің қажетті құжаттары толығымен бар және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес келеді.

Бөлімде жақын туыстарының, жұбайларының бірлесіп жұмыс жасау фактілері анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 301 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 1 қазаны аралығында 866 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын

бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 176 жерге орналастыру жобалары бекітілді.

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 3 өтініштің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім берілді.
  2. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 3 заңды тұлғадан өтініш түсіп жер учаскелерін пайдалануға рұқсат берілді.
  3. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 1 өтініш түсті.
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - Қазіргі уақытта толықтай электронды форматқа өтті,жер кезегін алу үшін -651 азамат тіркуде тұр
  5. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша –келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан 88 өтініш түскен болатын.
  6. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» -өтініш түскен жоқ.
  7. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» -4 өтініш қаралып қанағаттандырылды.
  8. «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп төлеуге сату – 6 өтініш түсіп қанағаттандырылды.

 2022 жылдың 1 қазанынан Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі мониторинг жүйесінен мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған өтініштер жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Бөлімінің құзіретіне бақылау-тексеру функция кірмейді

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Бөлімінің құзіретіне бақылау-тексеру функция кірмейді

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

 Аудандық жер қатынастары бөлімін қамтамасыз етуге 01.10.2022 – 01.10.2023 жж аралығында бөлінген қаражат – 29943,0 мың теңге. Қаражат 53%-ға игерілді.

Жергілікті деңгейде жер қатынастары бөлімінің  дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еңбекақы, үстемақы, әлеуметтік аударымдар, қызметтік іссапарлар төлеу және байланыс қызметтері, бөлімге қажетті кеңсе тауарлар, автокөлікке қажетті қосалқы бөлшектер, жану-жағармайлар, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу шығыстарына жұмсалды.

Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қажетті сатып алуларды анықтау жетекшілік ететін басшылықпен келіскеннен кейін қаржы және есеп бөліміне берген өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарлары туралы ақпарат goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.

Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алу порталында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады, бұл өнім берушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Талданып отырған кезеңде өткізілген сатып алулар бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталды.

Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарының бір бөлігі баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмегеннен кейін бір көзден алу тәсілімен сатып алынғанын атап өткен жөн. Осылайша, мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір ғана әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысу себебі бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, жүйе тапсырыс берушінің қатысуынсыз автоматты түрде осындай әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шақыру жібереді.

Аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін таңдауға ұмтылды. Өткізілген мемлекеттік сатып алуды талдау нәтижесінде бөлімнің қызметіне әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. 

  1. 10.2022 – 01.10.2023 жж аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 9603,9 мың теңге 30 келісім шарт жасалды, оның ішінде:

Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 6936,0 мың теңге

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 2000,4 мың теңге

Негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен – 667,5 мың теңге

Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың)  2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықтағы шарттар:

Жалға берілетін заңды тұлғалармен 9 шарт;

Жалға берілетін жеке тұлғалармен 98 шарт.

Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары бойынша жеке тұлғалармен 8 шарт жасасты.

Аудан бойынша  4 азаматпен   жасақталған жер учаскелерін жалдау шарттары бойынша жалға алушылар қайтыс болды, мұраға түскен азаматтармен 20 жанадан жалдау шарттары жасақталды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес пайдаланбайтын жер учаскелерін анықтау мақсатында мониторингті жүзеге асырылады.

Ұсыным: жер мониторингін жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырып, мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімі E-Otinish, Documentolog,
E-Qyzmet, Elicense, Геоақпараттық порталы жүйлерін қолданып жүзеге асырады.

Elicense жүйесі бойынша бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерін арнайы оқыту курстарын жүргізсе өтініштердің мерзімін өткізіп алмаудың алдын алар еді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» қағидасының 1- қосымшасына сәйкес «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін стандартқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері электронлық үкіметтің www.egov.kz веб-порталында мемлекеттік қызмет көрсету тетігі жоқ. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігі жоқ.

ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды ақпараттық жүйеден жетілдіру үшін арнайы мекемелерге тиісті хаттар жолдау қажет.

Аудан бойынша өткізілетін конкурстар, аукциондар бойынша хабарландырулар аудандық «Ауыл айнасы» газетіне, Казталов аудан әкімдігінің ресми сайтында, Геопортал ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарлары goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

Аудан бойынша кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша gosreestr.kz порталында электронды түрде аукциондар өткізілуде.

2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 1 қазан аралығында 3 аукцион өткізіліп, онда сауда-саттыққа 10 жер учаскесі шығарылып, нәтижесінде:

  • жер учаскесіне жалдау құқығы сатылды;
  • жер учаскесі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылды,
  • оның ішінен: 5 жер учаскесі бойынша аукцион қайта жарияланады;

ҰСЫНЫМ: аукциондарды өткізуге бөлінген жергілікті бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында Заңға сәйкес қайталама аукциондарды уақтылы өткізіп тұру қажет.

 

«Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау. .                           2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде штаттық кестеге сай 9 адамды құрап отыр. Оның 3-і  мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның 1-і бөлім басшысы,  2- бас маман, 6 техникалық персонал, оның  ішінде: 2-статист, 1 кіші қызметкер, 1 автокөлік жүргізушісі және 2 күзетші.

Аудандық экономика және қаржы бөліміне 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап статист қызметін атқарып жүрген Л.Кадиргалиева өз өтініші бойынша жұмыстан болсатылды. Қазіргі  кезде 1 штаттық бірлік вакансия болып тұр.

Мүдделер қақтығысын реттеу.  

  1. «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлім басшысы басқарады. Бөлімнің басшысы Нурмагамбетов Берік Базарұлы 2010 жылы 23 қарашадағы аудан әкімі Н.Қарағойшиннің №80 өкімімен Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.  Өзінің қарамағындағы қызметкерлерімен туыстық қатынаста тұрмайды.  2023 жылы мүдделер қақтығысы болған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық  елді мекендерге жұмыс істтеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет , спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін  және ережесін бекіту туралы» №183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.

Бөлім «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асырады. Отбасы банк Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы арқылы құжаттар қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

01.10.2022 ж.-30.10.2023 ж. Уақыт аралығында 53 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мерзімі кешіктіріліп көрсетілген қызмет болған жоқ.

  Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламенті арнайы бұрышта ілінген. 2023 жылғы 15 тамызда Аудандық "Қаратөбе өңірі" газетінің №33 санына  2023 жылғы "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша өзгерістер туралы мақала жарияланды.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

«Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

«Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау-тексеру функциялары іске асырылмайды.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

«Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылы барлығы 3 094 539,0 мың теңге бөлініп, жыл соңына дейін 3 093 903,38 мың теңге игеріліп, 633,7 мың теңге үнемделген қаражат қалды.

2023 жылы 308 830,5 мың теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге 189 258,2мың теңге қаражат игерілсе, жыл соңына дейін 189 258,2 мың  қаражат игеріледі деп күтілуде.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

«Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2022 жылы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалармен 39 келісім шарт жасалса, 2023 жылы 24 келісім шарт жасақталды.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері жұмыс  барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

«Баспана маркет» ақпараттық жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

         Мекемемен анықтамада көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді барынша азайту және жою жөнінде шаралар қолдануға, оның ішінде уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу жөнінде, мамандар арасында құқықтық оқытулар жүргізу.

        

«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

  1. Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.Қазіргі таңда бөлімде штат саны - 7 бірлік, оның ішінде 1 - бөлім басшысы, 1 – бас маман, 1 – статис, 1 – мұрағатшы, 1 – техник-бағдарламашы, 1 – іс-қағаз жүргізуші, 1 – автокөлік жүргізуші.

01.10.2022 жыл – 30.09.2023 жыл аралығында 1 бірлік штат (бас маман) 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңының 1-бабының, 1 тармақшасының, 2 тармақшасының күшіне енуіне байланысты Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығына ауысуына байланысты қысқартылды. Қазіргі таңда ахат қызметіндегі техник-бағдарламашы лауазымында қызмет атқарған тұлға корпорация ауысты. Сонымен қатар, мұрағатшы лауазымын атқарып жүрген тұлға бөлімде қызмет атқаруда.

Бөлімге бағынысты Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдени-демалыс орталығы, Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі және «Қаратөбе» спорт клубы директорларын жұмысқа қабылдау бөлім басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

01.10.2022 жыл – 30.09.2023 жыл аралығында «Қаратөбе» спорт клубы директоры жұмысқа қабылданды. (Шүрмен Бауыржан Серікұлы)

01.10.2022 жыл – 30.09.2023 жыл аралығында тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер жоқ.

01.10.2022 жыл – 30.09.2023 жыл аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс нәтижесінде (бос Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымы) жаңа басшы тағайындалды.

Жыл басынан бастап  жұмыстан босатылғандар жоқ.

Таза ауысымдылық -0% құрады.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

  Барлық мемлекеттік қызметшілер кірістер және мүлік туралы декларацияларды мемлекеттік кірістер органдарына уақытылы ұсынылды.    

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне бөлім басшысы, бөлімнің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты маман және мұрағатшысы кіргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ұсыным жоқ. 

II.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

III.Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 01.10.2022 жыл – 30.09.2023 жыл аралығында Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 292 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде спорттық разрядтар беру бойынша 44 және АХАТ қызметі боынша 248 қызмет көрсетілген. Қызметтер уақтылы, сапалы көрсетілді.

Яғни,  қызмет алушының толық ақпарат алмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

Сонымен қатар, аталған қызметті көрсетуші мемлекеттік қызметкер біліктілік курсы немесе тағылымдаман өтпеген, бұл да маманның біліктілік деңгейінің жеткіліксіз болуына соның салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

Ұсыным: «2 - разрядты спортшы, 3- разрядты спортшы, бірiншi, 1- ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2- ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 1- ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» қызметтері бойынша ақпараттық стенд жасау және жауапты маманның біліктілік деңгейін көтеру бойынша жұмыстану.

IY.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

Y.Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 28259,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 99,9 % құрады.

ҚР қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №840 «Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жасауға уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары» бұйрығына сәйкес бас маман есепшінің арнайы сертификаты болу тиіс.

Алайда бөлімнің бас маман есепшісінде бұл сертификат жоқ, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

Ұсыным: Алдағы уақытта бас маман есепшіні оқыту бойынша жұмыстану

 YII.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасаумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде бөлім жалпы сомасы 1639,7 мың теңгеге 17 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

1) Баға ұсыныстарын сұрау - 536,7 мың теңге сомасына 8 сатып алу;

2) Бір көзден - 639,9 мың теңге сомаға 4 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 463,1 мың теңге сомаға 5 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

YIII. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 «Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келген қызметтік хаттар Documentolog 7 арқылы тіркеледі.

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептері, айлық анықтамалар, акттер және мәліметтер уақытымен тапсырылған.  

Бұқаралық ақпарат құралдарына («Қаратөбе өңірі» қоғамдық–саяси аудандық газеті, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жариялаған жоқ.

2022 жылдың шілдесінен бастап бөлімге және бөлімге бағынысты мекемелерге жұмысқа алынатын қызметкерлердің барлығы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық базасы арқылы тексеріліп отырады.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамуты, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығында – 5 жеке тұлғалардан өтініштер түскен. Сондай-ақ, негізгі бұйрық 49, жеке құрам 66 бұйрық шығарылған.

Түскен өтініштер уақытында тіркеліп, мерзімдеріне сай өтініш иелеріне жазбаша жауаптары берілді.

Бөлімге бағынысты 3 квазимемлекеттік сектор бар:

«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКҚК, «Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, «Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қаратөбе спортклубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Қорытынды: Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Бөлімде жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

.       

Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілер саны – 3. Нақты саны – 3.

Талдау кезеңінде атқарып отырған  лауазымнан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Бөлім қызметкерілерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ .

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 12 бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, матеиалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар беліглеу мәселелері ашық жүргізіледі.Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2022 жылғы арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу.  

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді.Нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету .

Бөлімнің  төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441  "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы  бұйрығы -  72;

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы - 0;

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрығы - 1;

         Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы - 0;

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы - 0;

         Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы -0;

         Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы -0.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 21 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру арқылы ұсынылады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылған жағдайда  оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару жүзеге асыру көзделген, сол баптын екінші ашық жолында көрсетілген нормаға сәйкес  Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аудару тәртібімен Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есептен шығарып тасталуға жатпайды.

Бірақ «толық емес отбасы» санаты бойынша тұрғынжайға мұқтаж деп танылып және есепке қойылған азаматтар жаңадан неке құрған кезде «Кеzekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасының «SHANYRAQ» бөлімінде   тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылған деп көрсетіледі.

  Ұсыным: Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында,   көрсетілген Заңның 73 - бабының 1 тармағандағы екінші ашық жолында көрсетілген санаттарының тізімінен «толық емес отбасылар» деген санатын қайта қарау туралы хат жолдау.  

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес  Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ.

6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2022 жылға бекітілген жоспарына сәйкес  170762,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100% құрады.

  2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес  550041,0 мың теңге қарастырылды. Игерілгені 56%.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу  қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тараудың 15 тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердегі   бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы  Қазақстан Республикасының заңнамасын сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемлермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын,ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың  сақталуын бақылау үшін толықжәне нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Ұсыныс: салық есептелігін сәйкестендіру және бөлімнің қаржы саласы бойынша жауапты мамандарға заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер жеке тұлғалармен 128 жалға алу келісімшарты жасалды.

Талдау барысында тұрғындар яғни 10 жалға алушы ай сайынғы төлемақыларын төлемей отыр. Қазіргі уақытта 10 тұрғынның тізіміаудандық кірістер басқармасына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Талданып отырған кезеңде Бөлім заңды тұлғалармен  жалпы сомасы 621933,3 теңгеге 47 мемлекеттік сатып алу жүргізді.Оның ішінде келесі тәсілдермен:

  • Баға ұсыныстарын сұрау 16825,7 мың теңге сомасына 26 сатып алу.
  • Бір көзден 270498,6 мың теңге сомаға 12 сатып алу шартын тікелей жасау арқылы;
  • Электронды дүкен сатып алу жүргізілген жоқ;
  • Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 334 669,0 теңге сомаға 9 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығыс анықталған жоқ.

Ұсыныс: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын ұйды жалға алушылармен шарттық міндеттемелерді орындамайтын тұлғалармен төлемдерін өндіру мақсатында жұмыстарды жүргізу

        8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау.

 «Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

         Талдау жүргізу барысында kezekte.kz сайты *Шанырак* ақпараттық жүйесі, gosreestr.kz сайты арқылы ақпараттық жүйелермен жұмыс жасалады. Kezekte.kz сайты Шаңырақ ақпаратты жүйесінде тұрғын үй кезегіне  өтініш жібереледі.Өтініш анықтау барысында автоматты түрде жүргізіледі.Алайда аталған ақпараттық жүйе толық автоматтандырылмаған .Мысалы, өтініш заңды некелері анықталмайды.

         Ұсыныс: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы":  мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартына сәйкес  толық автоматтандыру керек.

9.Ұйымдастыру-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 13 өтініш келіп түсті.Оның ішінде 10 өтініш жеке тұлғалардан, 3 өтініш заңды тұлғалардан.

Қайталанған өтініштер түскен жоқ.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар  бойынша құрылады:

  • Жол мәселелері бойынша
  • Тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б. мәселелері бойынша

Талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының бұзылуы анықталмады.

«Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Бөлімнің штат саны 2023 жылы - 6 бірлік, оның ішінде 1 - бөлім басшысы, 1-бас маман, 1- бас маман есепші, 1- статист, 1- хатшы, 1- көлік жүргізуші.

 2022 жылы  өз еркімен жұмыстан босатылған  1 қызметкер   болды, 1 қызметкер жұмысқа алынды.

Жыл басынан бастап  жұмыстан босатылғандар 2 қызметкер   болды, 2 қызметкер жұмысқа алынды.

Таза ауысымдылық -0% құрады.

Жаңа тағайындалымдар болған жоқ.

01.10.2022-30.09.2023 ж. аралығында тәртіптік жазаға 1 қызметкер (Серіков Р.) тартылды.

Талданып отырған кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне Бөлімнің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты мамандар  кіргізілді. 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Талдау кезеңінде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бөліммен 2022-2023 жылдары барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.

Бөлімімен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  • Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  • Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
  • Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;
  • Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды үйлестіру;
  • Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 30 қыркүйегі аралығында аралығында барлығы: 386 қызмет көрсетілді, (Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 40, Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 24, Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 0, Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды үйлестіру – 0, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама бер-322.

Аталған қызметтердің барлығы регламентке сәйкес мемлекеттік корпорация, еgov порталы, ХҚКО БАЖ арқылы жүзеге асырылды, бөлім қызметкерлерімен альтернативті негізде мемлекеттік қызметтерді  көрсету жағдайлары болған жоқ, яғни қызмет алушылармен тікелей қары- қатынас орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтік Әдепті бұзу фактілері бақыланатын кезеңде орын алмаған.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құзіретіне рұқсат беру функциясы кірмейді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құзіретіне бақылау-тексеру беру функциялары кірмейді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

        Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.

Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.

25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс салығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.             

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.

          Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №3932 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары бар екені анықталды.

Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес 01.01.2023 жылға артық төлем жоқтығы  анықталды.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Бөлім жалпы сомасы 2873,0 мың теңгеге 50 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

 1) Баға ұсыныстарын сұрау 191,7   мың теңге сомасына 15 сатып алу;

2) бір көзден 10789,0 мың теңге сомаға 12 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) ашық конкурс  44669,0 мың теңге сомасына 2 сатып алу;

4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 735,1 мың теңге сомаға 9 сатып алу.

5) Рамалық келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі 1103,0 мың теңге сомаға 2 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Бөлім қызметкерлері жұмыс  барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде бөлімге түскен өтініштер: 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 30 қыркүйегіне дейін жеке және заңды тұлғалардан – 13.

Талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының бұзылуы анықталмады.

 

Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

 

  1. Персоналды басқару бағыты бойынша:

Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде   штат саны / нақты штат саны 4/4 адам. Олар: 4 мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның 1-і бөлім басшысы, 3 бас маман. Штаттан тыс  3 техникалық персонал бар, олар хатшы, статист, автокөлік жүргізуші.

         Талдау кезеңіндегі кадр ауысушылығы: 2023 жылда 4 адам техникалық персонал болып қызметке қабылданды. 4 адам жұмыстан өз еріктерімен босатылды.

         Бөлімде 09.10.2022 – 25.10.2023 жж. аралықта кадр ауысушылығы 57% пайызды құрады. Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар жоқ.

Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.

Мекемемен мемлекеттік қызметшілерімен декларация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылды.

Мекеменің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасымен тексеріледі. Мәліметтер базасына сәйкес басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер жоқ.

Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Мекеме қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267, №4-3/268, №4-3/269, №4-3/270 бұйрықтарымен бекітілген стандарттар, негізінде Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»-29.
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін

шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»-46.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін

шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу»-106.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін

шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»-2.

  1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау»-0.

 Жетекшілік жасап отырған мемлекеттік мекеме арқылы 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның ішінде баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 5, электрондық түрде көрсетілетін 4, қағаз түрінде 1. Есепті кезеңде жағдайына "е-лицензиялау", ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -183.

         Жұмыс тобының қорытындылары мен ұсынымдары:

         Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен регламенттері көрнекі жерге ілінген, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жадынамалар кабылдауда болған азаматтарға үнемі үйлестіріліп отырады.

         Тексерістің нәтижесінде, бөлімге қатысты нақты жіберілген заң бұзушылықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар анықталмады.

         Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар

         Бақыланатын кезең ішінде бөлім қызметкерлері туралы сыбайлас жемқорлық бағытындағы жағымсыз жарияланымдар орын алған жоқ.

         Бөлімге қатысты жеке және заңды тұлгалардың арыздары мен шагымдары

         Бақыланатын кезең ішінде бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық бағытындағы арыздар мен шағымдар түскен жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не 2023 жылы 30957,0 мың теңге бөлініп, 9 айлықта 23275,1 мың теңге игерілді, яғни бөлінген қаржының 75,2 пайызы игерілді.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

01.01.2023 – 30.09.2023 жж аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 3273,3 мың теңге 21 келісімшарт жасалды, оның ішінде:

Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 618162,11 теңге, 2 келісімшарт;

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен – 219351,5 теңге, 3 келісімшарт;

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 729976,3 теңге, 12 келісімшарт;

Негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі тәсілімен – 1103200 теңге, 3 келісімшарт.

Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі келесі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»- ақпараттық жүйе;

«E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы;

ЦРМ, Е-қызмет

«E-лицензирование» ақпараттық жүйесі

 ИАС  ақпараттық талдау жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтардың өтініш, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік»  Кодексі негізінде жүргізіледі. 2023 жыл бойынша бөлімге заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті. Өтініш уақытында қаралып жауап берілді

Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Қаратөбе өңірі» Қаратөбе ауданының қоғамдық-саяси газеті, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланған жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексінде көзделген қағидалар негізінде жүргізілуде..

Бөлімге түскен барлық өтініштерді есепке алу, орындау, Ф2ГО нысанды статистикалық есептілікті жасақтау БҚА және Е-өтініш бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды: Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа тәуекел анықталған жоқ.  

 

Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі мемлекеттік мекемесі

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Есепті кезеңде бөлім бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны 2 штаттық бірлікті және 1 азаматтық қызметшіні құрайды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметке кір келтірген тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

  1. 2. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Ережеге сәйкес бөлімнің құзіретіне рұқсат беру функциялары кірмейді.

  1. Бақылау – тексеру функцияларын іске асыру.

        Ережеге сәйкес бөлімнің құзіретіне бақылау – тексеру функциялары кірмейді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

«Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылы 9 млн. 117 мың теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілді. Жылдық жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы конкурстар өткізілді. 2023 жылы бөлімге 15 млн. 476 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлім қаражаты толықтай игерілді.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Есепті кезең ішінде бөлімнің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы барлығы 21 хабарлама, 21 келісім-шарт жасалды.

Соның ішінде алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен – 3 хабарлама (қайта өткізуді қоспағанда) жарияланды, барлық мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылды.  Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 13 хабарлама (қайта өткізуді қоспағанда) жарияланып, сатып алу болып өткен 12 хабарлама бойынша 12 жеңімпазбен  705 274 теңгеге келісім-шарт жасалды. 1 хабарлама бойынша (32 000 теңге) баға ұсыныстары қабылдануда.Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен – 3 шақырту жіберіліп,  жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім берушілермен  123 800 теңгеге 3 келісім – шарт жасалды. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен – 2 хабарлама жарияланып,  246 960 теңгеге келісім-шарт жасалды. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша 2 тауарға 10774,4 теңгеге келісім-шарт жасалды. Әлеуетті өнім берушілердің келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан 2 келісім-шарт біржақты бұзылып, 2 әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы тізіліміне енгізілді.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық  жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» - ақпараттық жүйесі

«e-Otinish» - азаматтардың барлық жолданымдарын қабылдау және өндеудің бірыңғай платформасы

«e - Qyzmet» - ақпараттық жүйесі

«E-enbek» - ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі

ЦРМ – ақпараттық жүйесі

«Thunderbird» - ақпараттық жүйесі

«Парус-Каз» -ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі

«Қазынашылық-Клиент» - ақпараттық жүйесі

«1С – бухгалтерия» ақпараттық жүйесі

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімде есепті кезеңде  негізгі қызмет бойынша - 133 бұйрық, жеке құрам бойынша - 32 бұйрық шығарылды.

Азаматтардың жолданымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексінде көзделген нормалар негізінде жүргізілуде.

             Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөліміне талдау кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан барлығы  - 2 жолданым түсті.  Түскен жолданымдар уақытылы тіркеліп, мерзімдеріне сай жолданым иелеріне жауап берілді.

            Сонымен қатар «Қаратөбе ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «сыбайлас жемқорлық» мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобы:

 

 

 

 

Карменов Азамат Ғабдрашитұлы

 

Әділханов Нұрбол Әділханұлы

-

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және  шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы;

 

 

 

Кенжеғалиева Мейрамгүл Жолдығалиқызы

-

 

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және  мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

     

 

 

 

Жәнібеков Дат Болатбекұлы

 

 

 

 

Губайдуллина Венера Шоқанқызы

 

-

 

 

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы

 

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және  мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы-заңгер.

 

             

 

Дата публикации
20 ноября 2023