Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының "Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы аумағында ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы" 01.11.2023 жылғы № 23 қаулысы

ҚАУЛЫ

 

 

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе

ауданы  аумағында ауылдық округі

 әкімінің сайлауы  бойынша сайлау

округін құру  туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы №2464 Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңының  14 бабының 6-тармақшасына , 21 бабының  4-тармақшасына және 22 бабына  сәйкес Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратөбе ауданының ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:

1) Қаракөл ауылдық округінің әкімі -  Қаракөл  ауылдық округінің  шекарасындағы  Қаракөл сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері  көрсетіле  отырып, Қаратөбе  аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және  аудандық  «Қаратөбе өңірі»  газетінде  жариялансын.

 

 

 Қаратөбе аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының  төрағасы                                     Б.Жүсіпқали

 

 

  Қаратөбе аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының  хатшысы                                    Е.Ғабдраш                            

Дата публикации
01 ноября 2023