2023 жылдың 1-ші қазанына аудандық бюджеттің барлық түсімдері есепті кезеңге жоспарланған 2 762 125,1 мың теңгенің орнына 2 723 670,0 мың теңге, яғни 98,6 пайызға орындалды. Оның ішінде:
- салықтық түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған 591 368 мың теңгенің орнына 675 314,5 мың теңге, немесе 114,2 пайыз;
- салықтық емес түсімдер есепті кезеңге жоспарланған 7 150,0 мың теңгенің орнына 19 249,8 мың теңге, немесе 269,2 пайыз;
- негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңге 1 694,0 мың теңгенің орнына 1 414,7 мың теңге, немесе 83,5 пайыз;
- субвенция жоспарланған 1 004 178,0 мың теңге 100,0 пайыз;
-ағымдағы трансферттер бойынша жоспарланған 976 239,9 мың теңгенің орнына 769 059,9 мың теңге, немесе 78,8 пайыз;
- ағымдағы даму трансферттер- 23 687,0 мың теңге, немесе 100 пайыз;
- бюджеттік несие 25 875,0 мың теңге, немесе 100 пайыз;
- мемлекеттік 44 006,3 мың теңге, немесе 217 пайыз;
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2 766 125,1 мың теңге, 2 470 616 мың теңгеге орындалып, 89,4 % құрады. Игерілмеген қаржы 291 509,1 мың теңге. Соның ішінде:
Облыстық трансферттер есебінен – 277 697,4 м.т.
Бюджеттік кредит – 10 932,5 м.т.
Жергілікті бюджет есебінен –2 879,2 м.т.
Облыстық трансферттерден 277 697,4 мың теңге төмендегі іс-шаралар бойынша игерілмеді:
- Сулыкөл ауылындағы ауылішілік көлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары- 3 500,0 мың теңге,
- Қарақамыс ауылындағы ауылішілік көлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары- 46 988,0 мың теңге,
- БҚО, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылына ұзындығы 2 шақырым
кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары- 93 208,0 мың теңге,
-Ы.Алтынсарин, С.Датұлы, Ә.Молдагулова көшелеріндегі автомобиль
жолдарын қалпына келтіру -775,2 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнем,
- Қоскөл ауылына кіретін жолды күрделі жөндеу- 60 707,0 мың теңге,
Барлығы 205 178 мың теңге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 14.09.2023 ж. № 346 анықтамасында төлемдер бойынша артқы айға жылжытуға берген қаражаттың 1023,4 мың теңгесін аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі аударып жіберіп анықтаманы өткізуге қаражат жетпей қалды.
- Қоржын ауылының кірме жолындағы су өткізу құбырларын қалпына келтіру- 26 195,8 мың теңге, мердігерге 30 пайызы аударылды, қалған жұмысқа жасаған туралы акттерін ұсынбауы,
- Қаратөбе-Ақтайсай аудандық маңызы бар автомобиль жолында су өткізу құбырларын қалпына келтіру (28,34 шақырым)- 7 334,6 мың теңге, мердігерге 30 пайызы аударылды, қалған жұмысқа жасаған туралы акттерін ұсынбауы.
-Қаратөбе ауылында аллеяны абаттандыру- 40 000,0 мың теңге қазынашылық басқармасына бюджеттік бағдарлама әкімшісі ЖКХ бөлімі төлем тапсырманы 28 күні жәй ұсынып, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында қолма қол ақшаны бақылау шотына жәй түсіп, қаражаттың жетіспеуі себепті игерілмеді.
Жергілікті бюджет есебінен 10 932,5 мың теңге, мамандардан өтініш түспеуіне байланысты.
Жергілікті бюджет есебінен 2 879,2 мың теңге:
- Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бағдарламасынан -260,9 мың теңге үнемделген қаржы,
- Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бағдарламынан- 360,0 мың теңге мердігердің жасаған жұмыс туралы актті ұсынбауы,
- Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу- 1 792,0 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жоспарлаған әс-шараларды уақытылы өткізбеуі.
- қалған 466,3 мың теңге барлық бюджеттік бағдарламалардан қалдық қаржы.