Мемлекеттік корпорацияның 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында 111 - желісі жұмыс істейді

Енді азаматтар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 телефоны арқылы хабарласа алады. Байланыс орталығының операторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық, қорлау және басқа да мәселелерге тап болған қазақстандықтарға психологиялық қолдау көрсетеді.
Бірыңғай байланыс орталығы өзін кеңес беру қызметінің сенімді операторы ретінде таныта алғанын атап өтеміз. Ол күніне орташа есеппен 35 мыңға дейін өтініш қабылдайды.

Дата публикации
18 октября 2023