Бүгін #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.

📌 Egov.kz порталына кіріңіз

📌Іздеу жолы арқылы  "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" қызметін табыңыз

📌Қызметті онлайн сұратыңыз

📌Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз

📌«Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз

📌Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз

📌«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз

📌Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз

📌Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз

📌 ХҚО-ға өзіңізбен  бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз

📍Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз

Дата публикации
28 июля 2020