
Құрметті аналар мен әкелер! 1 маусымнан бастап egov.kz порталында бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау басталды. Ал бүгін #қарапайым айдарында онлайн режимінде мектепке жазылуға қалай өтініш беру керектігін көрсетеміз.
Біріншіден, ата-аналардың бірі электрондық үкімет порталына кіруі керек;
«Азаматтарға» «Білім» «Орта білім» бөліміне өтіңіз;
«Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» қызметін таңдап, қызметке онлайн режимінде тапсырыс беріңіз;
Жолдарды толтырғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе бір реттік парольмен қол қойыңыз.
Қызметтің нәтижесімен 5 жұмыс күні ішінде жеке кабинетте танысуға болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-анасының бірінің өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігі
3. 3х4 фотосурет, 2 дана;
4. № 063/у және № 026/у-3 формасындағы медициналық анықтамалар;
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарының мәртебесі болған кезде растайтын құжат.
Тіркелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 МБ аспауы керек.
Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.