
Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысты.
Аталған жұмыс тобының отырысы барысында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қолжетілімдікті қамту жөнінде ауданымыз бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.