Президенттік жастар кадр резерві бойынша кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, ауылдық округі әкімі аппараттарының және жастардың қатысымен Президенттік жастар кадр резерві мәселесі бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В.Н.Масимова Президенттік жастар кадр резерві бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Дата публикации
19 сентября 2023