
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов Егіндікөл ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі лауазымына сайланған Е.Б.Тналиевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында округ әкімі лауазымына сайланған Е.Тналиевті жаңа қызметімен құттықтап, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес меммлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.