МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы механизмі туралы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс-Қазақстан облысы бойынша филиалы Қорға жарналар мен төлем төлеуден босатылған экономика салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы механизмі туралы хабарлайды.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi «одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республика Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес (одан арғы – №224 ҚРҮҚ), 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазанына дейін осы қаулының қосымшаларында айқындалған іс-шаралар тізбесінен қызметті жүзеге асыратын міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен төлемдер төлеуден жеке машықтанумен айналысатын адамдардың, ШОБ субъектілерінің босатылатын қарастырады.

 Осылайша, жұмыс берушілержұмыскерлерді сақтандыру мәртебесін сақтай отырып, көрсетілген мерзім ішінде өз қызметкерлеріне МӘМС жарналар мен төлемдер төлеу міндетінен босатылады.

№224 ҚР ҮҚ іске асыру мақсатында, Қор ШОБ үшін Қордың ақпараттық жүйесінде функционалдылықты енгізді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне сақтандырылған мәртебесін беру үшін, қызметкерлердің ЖСН-ді Қордың ақпараттық жүйесіне жүктеуі қажет. Одан әрі мәртебе медицниналық ақпараттық системаға ауысып, осы қызметкерлерге МӘМС пакетінен медициналық көмек алу мүмкіндігін береді. Мәліметтерді ШОБ субъектілері қосымшаның тізімінен ғана енгізе алады.

Дата публикации
23 июля 2020