Президенттік жастар кадр резерві

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

         Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

         Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

 

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

- Құжаттарды қабылдау;

- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

- Ұлттық комиссия отырысы.

         Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады.         Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

толығырақ:

 

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/600945?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/600945?lang=ru

https://t.me/qyzmet_news/757

https://t.me/qyzmet_news/758

 

 

Дата публикации
28 августа 2023