ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ. 21.08.2023 ж.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 20 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Егіндікөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Қаратөбе ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 3-еуі өзін-өзі ұсынғандар, 1-еуін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.
Ағымдағы жылғы 20 тамыздағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат аудандық «Қаратөбе өңірі » газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Б.Жүсіпқали
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы