
Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы оздырылды. Отырысты комиссия төрағасының орынбасары полиция подполковнигі А.Серіков жүргізді.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа қарсы және суицидтің алдын алу мәселелері бойынша Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев және Қаратөбе аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Серіков хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кәмелетке толмағандардың қараусыз, панасыз қалуының алдын алу бойынша Саралжын, Аққозы ауылдық округтерінде атқарған жұмыстары туралы Саралжын ауылдық округінің әкімі С.Зейнуллин және Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Бердіғалиева хабарлама жасады.
Отырыс соңында тиісті сала өкілдеріне тапсырмалар беріліп, хаттама жасалды.