
Қаратөбе ауданы бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсететін мекемелерге жүргізілетін қоғамдық мониторинг кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 19-шы маусым күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Д.Оразақаевтың және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашевтың қатысуымен аудан орталығында орналасқан Мұхит атындағы ЖОББМ және Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау өткізілді.
Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.
Бақылау қорытындысына сәйкес аталған мекемелерге қызмет сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.