
Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні аудан әкімінің төрағалығымен округ әкімдерімен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамаларды сонымен қатар қызмет және қызметтен тыс уақыттарда жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормалардың соның ішінде автокөлік құралын басқару кезінде жол ережелерін қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.