Аудандық дербес бөлім басшылары және аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларымен кездесу жүргізілді

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні аудандық дербес бөлім басшылары және аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларымен кездесу жүргіздім.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің бағалау әдістемесіндегі енгізілген өзгерістерге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес жұмыстан тыс уақытта ресми мінез-құлықтарды сақтау, орындаушылық тәртіп, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.

Сонымен қатар кездесу кезінде қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстары қабылданды.

Дата публикации
14 апреля 2023