АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Қаратөбе ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2023 жылғы 13 наурызда сағат 1000 да өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев  көшесі, 24  мекен-жайы бойынша  «Қаратөбе орталықтандырған кітапхана жүйесі» ММ ғимараты.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

лот№

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің   лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзгеде

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Егістік

Жайылымдық

Шабын-дық

Басқа алқаптар

 

 

 

1

Аққозы  а/о

500

Мал шаруашылығы

500 га, 10 жыл

 

497

 

3

6

қамтылған

 

2

Аққозы  а/о

570

Мал шаруашылығы

570 га, 10 жыл

 

566

 

4

 6

қамтылған

 

3

Аққозы  а/о

600

Мал шаруашылығы

600 га, 10 жыл

 

599

 

1

6

қамтылған

 

4

Сулыкөл  а/о

1000

Мал шаруашылығы

1000 га, 10 жыл

 

687

310

3

8

қамтылған

 

5

Сулыкөл  а/о

600

Мал шаруашылығы

600 га, 10 жыл

 

599

 

1

8

қамтылмаған

 

6

Сулыкөл  а/о

1000

Мал шаруашылығы

1000 га, 10 жыл

 

972

25

3

8

қамтылмаған

 

 

Барлығы

4270

 

 4270

 

 

335

15

 

 

 

                         

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң 2023 жылдың 16 ақпан мен 10 наурыз  аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басынкуәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2) Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру

алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда,Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануынасәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы__________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында, «Жер қатынастары» бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-саттыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады.

            Толық ақпаратты «Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(71145)31-4-24,31-5-01 алуға болады.

 

 

Дата публикации
03 февраля 2023