Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға
мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес квота белгіленсін.
2.«Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның реми жариялануын және Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев