Постановление Каратобинской районной избирательной комиссии от 29.12.2022 года № 16 "О создании окружных избирательных комиссий по одномандатным избирательным округам по выборам депутатов Каратобинского районного маслихата"

Қаратөбе аудандық мәслихаттың  депутаттарын    сайлау жөніндегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша округтік  сайлау  комиссияларын құру туралы

 

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Қаратөбе аудандық аумақтық  сайлау  комиссиясының  2022 жылғы  29 желтоқсандағы  №15 «Қаратөбе аудандық мәслихаттың  депутаттарын    сайлау    бойынша аумақтық сайлау округтерін  құру туралы» қаулысына сәйкес Қаратөбе  аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:        

  1. Қаратөбе аудандық мәслихаттың депутаттарды  сайлау бойынша тиісті  бірмандаттық  аумақтық  сайлау округтерінде  10 (он) округтік  сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Қаратөбе аудандық мәслихаттың  депутаттарын  сайлау  жөніндегі  бірмандаттық  аумақтық  сайлау округтерінің  округтік  сайлау  комисияларының  құрамын қалыптастыру үшін  қаулы  Қаратөбе  аудандық  мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Қаратөбе аудандық аумақтық  сайлау  комиссиясының  интернет-ресурында және аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне орналастырылсын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қаратөбе аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясының

төрағасы                                                               

 

 

 

Б.Жүсіпқали

 

Қаратөбе аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы

 

 

 

 

Е. Ғабдраш

16 қаулы
Дата публикации
30 декабря 2022