
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов кейбір дербес бөлім басшыларының және мамандардың қатысымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарының сақталуын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 -бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға қойылатын шектеулер жөнінде айтылып, тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.