
Ағымдағы жылдың 26 қазан күні Жусандой ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткіздім.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес жұмыстан тыс уақытта ресми мінез-құлықтарды сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.
Сонымен қатар, ҚР әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау және орындаушылық тәртіп бойынша мәселелер көтерілді.