
Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Р.Бақытжановтың округке қарасты Ханкөл елді-мекенінің тұрғындарымен кездесуіне қатыстым.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Бекболат Рахымғалиұлы округ бойынша атқарылған жұмыстармен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар кездесу кезінде елді-мекен тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарына жауап берілді.