"Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 7-2 «Қаратөбе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешім жобасы

 

 

ЖОБА

 

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 7-2

«Қаратөбе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

 

Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 7-2

«Қаратөбе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:

  • жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар:

 келесідей мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) осы Жоспардың 8-қосымшасына сәйкес жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi жайылымдардың сыртқы мен iшкi шекаралары және аландары белгіленген картаны картаны осы Жоспардың 43,44,45,46,47,48,49  және 50 - қосымшаларына сәйкес;";

мынадай 43,44,45,46,47,48,49 және 50 – қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат хатшысы                                           Н.Мендешов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

түсіндірме жазба
Дата публикации
05 сентября 2022