Әдеп жөніндегі уәкіл дербес бөлім басшыларымен кеңес өткізді

Үстіміздегі жылдың 25 тамыз күні аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов аудан әкімдігінің мәжіліс залында дербес бөлім басшыларымен кеңес өткізді.  Жиын барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары туралы, соның ішінде қызметтен тыс уақыттағы ресми мінез-құлықтарды сақтау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар жиын барысында аудан мектептерінде 1 қыркүйек күні өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанатына аудан әкімдігі атынан қатысатын өкілдерге тиісті тапсырма берілді.

Дата публикации
25 августа 2022