

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы арқылы мемлекеттік қызметтердің 665 түрі көрсетіледі. eGov порталы арқылы 637 қызмет көрсетіледі.
Облыс бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында 264 117 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға төмендесе, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы мемлекеттік қызмет алушылар қатары 32,5 пайызға артқан.