Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков-2021 год

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

          2021 жылғы 12 шілде                                                        Қаратөбе ауылы

 

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» бөлім басшысының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 13 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағына сәйкес «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Бадаков Канат Шаймарданович

-

бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының төрағасы.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Бактыгалиев Ержан Байжанович

-

бөлімнің бас маманы;

 

Магжанова Жадыра Садыровна

-

бөлімнің бас маманы;

 

Тлектесова Аймарал Бекзатқызы

 

-

 

бөлімнің статисты.

 

 

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2021 жылдың  03-12 шілде аралығы.

 

Талданатын кезең:  2021 жылдың 1 жартыжылдығы .

 

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі № 19 үй, тел. 8-711-45-31-199.

 

 «Қаратөбе  ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеме болып табылады. Өз қызметін  Қаратөбе  ауданы  әкімінің  2018 жылғы 12 маусымдағы № 79 қаулысымен бекітілген Ережеге сай жүргізеді.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

  • «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметкерлер бойынша жеке құрам бойынша  7 бұйрық,  бөлімнің  қызметкерлері бойынша іс-сапар бұйрықтары – 11 бұйрық, негізгі қызмет бойынша 12 бұйрық, барлығы – 30 бұйрық шығарылған. Әр қайсысы тиісті  журналдарына ретімен тіркелген.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары), дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

  1. «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша  5 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 5. Техникалық қызметкерлер саны - 3 адам.

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-0.

Жағымсыз себептермен босатылғандар саны – 0.

Таза ауысушылық – 0.

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2020 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларациялары толығымен тапсырылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болатын  қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген келесі қызметтер:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу
  3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шарушылығы мақсатындағы жер учаскелеріне тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Алайда мараторий жариялануына байланысты тексеріс жүргізілген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есепті кезеңде бөлімге 6 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қанағаттандырылды.  Ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша 5 өтінішке түсінік берілді, кәсіпкерлік саласына қатысты 1 өтінішке түсінік берілді.

Бөлімге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – сәуір айында «Қаратөбе өңірі» газетіне бөлімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы хабарландыру жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

 Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – бөлім қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ;

Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды:

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Жалпы ұсынымдар

  1. Мекемемен анықтамада көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді барынша азайту және жою жөнінде шаралар қолдануға, оның ішінде уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу жөнінде, мамандар арасында құқықтық оқыту жүргізу.

Бас маман, жұмыс тобының төрағасы                                       К.Бадаков

Бас маман, топ мүшесі                                                                    Е.Бактыгалиев

Бас маман, топ мүшесі                                                                   Ж.Магжанова

Статист, топ мүшесі                                                                       А.Тлектесова

 

 

Келісілді:

Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

М.Есендосов _________________

Дата публикации
26 июля 2022