Қаратөбе ауданында қоғамдық бақылау өткізілді

Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Д.Оразақаевтың, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашевтың және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Омарованың қатысуымен ағымдағы жылдың 30-шы маусым күні аудан орталығындағы Мұхит атындағы ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы және аудандық жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.

 Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.

Бақылау қорытындысына сәйкес аталған мекемелерге қызмет сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Дата публикации
05 июля 2022