Государственная служба-одна из форм реализации государственных функций

Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап адам өмір бойы мемлекеттік қызметтерді алу арқылы өзара әрекеттеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсеу саласында үлкен өзгерістер болды, арнайы ережелер мен стандарттар әзірленіп, бекітілді.

«Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмысының ажырамас бөлігі және басты бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер қатарына: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде уақытылы орындалады және тегін негізде көрсетіледі.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бүрышы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда бекітілген аппарат маманы Ж.Бердіғалиева порталды пайдалану бойынша азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап береді, электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде көрсетілетін қызметтерді алу туралы ақпарат береді.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимараттарында көрнекі ақпарат бар стенд орналастырылған. (стандарттар, көрсетілетін қызметтер тізімі, өтініш үлгілері)

Округте мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты түрде: түсіндірме әңгімелер және осы тақырып бойынша ауылдық жиындарда брошюралар мен парақшалар беру жұмыстары жүргізіліп келеді. 2022 жылғы тамыз айында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.

«Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың І жарты жылдығы бойынша Электрондық үкімет порталы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 87 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • Тұрғылықты жері бойынша тіркелу –
  • Емханаға тіркелу –
  • Зейнетақыш жарналарынан үзінді алу –
  • Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу –
  • Қашықтан ЭЦҚ алу –
  • Халыққа анықтама беру («Соттылығының болуы/болмауы туралы», психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық диспансерде тұрмайтындығы туралы анықтама) –

 Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы ала аласыз: 8(71145)21-3-52 «БҚО Қаратөбе ауданы әкімдігінің Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Қоржын ауылы, Т.Шамғонов көшесі, №1

 

 

Дата публикации
04 июля 2022