Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілері күні қарсаңында ҚР Мемлкеттік қызмет істері агенттігі төрағасымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіруге арналған жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 20 маусым күні аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің аға буынмен ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларының және мамандардың қатысымен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге сала ардагерлері Қожақметов Мәулен және Қыдырашев Рамазан Зинеденұлы қатысты.
Кездесу барысында сала ардагерлері еңбек жолындағы қызықты оқиғалармен, өткен қиындықтарды атап айтты. Сонымен қатар жас буын мемлекеттік қызметшілерге қызметтеріне сәттілік, әрдайымда халықтың жағдайын көтеру мақсатында аянбай еңбек ету керектігін атап көрсетті.
Кездесу соңында аудан әкімі Қ.О.Сүйеуғалиевтің Алғыс хаттары табысталды.


