БҚО-да заңды тұлғаларды тіркеу бойынша онлайн қызметтерге сұраныс артты

Бүгінгі күні заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған.

ЖШС ашу үшін жаңадан бастаған кәсіпкерге мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Компьютер мен ЭЦҚ болса жеткілікті. ЖШС-ні порталда жарты сағат ішінде тіркеуге болады. Мемлекеттік қызметті eGov порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы алуға болады.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін ХҚО бөлімдеріне де жүгінуге және құжаттарды қағаз тасымалдағышта тапсыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, жыл басынан бері БҚО бойынша заңды тұлға ретінде тіркелгісі келген 418 адамның 64,3%-ы мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алған.

Дата публикации
25 мая 2022